Балқаш қаласында маса қаптап, тұрғындардың мазасын алды. Қансорғыштардан шаршаған жұрт жергілікті әкімдіктен көмек сұрауда. Қалада сәуір айынан бері екі мәрте улау жұмыстары жүргізілсе де, нәтиже көңіл көншітпейді. Әсіресе, халық көп жиналатын аумақтарда көбейіп кеткен.