Бұқар жырау ауданына қарасты Қаражар ауылындағы «Салют» жазғы лагері жаңа маусымын бастады. Мұнда жыл сайын 7-13 жас аралығындағы 1500 бала тынығады. Оның ішінде 1440-ы – әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балалар. Олардың демалысы жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Сонымен қатар, ақылы жолдамамен 40-тан астам бала қабылданады.Толығырақ тілшіміздің бейнематериалында.