Қарағандыда Журналистика саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен Қарлығаш Құспанның 80 жылдық мерейтойына орай тағылымды кездесу өтті. Ізгі шараға қаламдас әріптестері, зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері қатысып, ардагер журналистің өмір жолына тағзым етті.