Қарағандыда көлік салығын төлемегендерге қатысты бақылау күшейді. Қалалық мәслихат депуттары рейдке шықты. Қазыбек би ауданында төленбеген салық көлемі – 492 миллион теңге, Әлихан Бөкейхан ауданында – 358 миллион теңгені құраған. Бұл көрсеткішке байланысты бірқатар шара қолға алынды. Толығырақ тілші Таңшолпан Мадиярқызы тарқатсын.