Қарағанды да кішкентай науқастың әкесі облыстық балалар ауруханасының дәрігерлеріне қол көтерді. Оқиға медициналық мекеменің дәлізінде болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы ер адам жанжал шығарып, екі дәрігерді ұрып тастаған. Істің мән-жайын тергеушілер қарап жатыр.