Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары өңірдің 2025-2026 жылдарға жылыту маусымына дайындық жұмыстарын бақылауға алуды бастады. Халық қалаулылары тұрғындардың өмір сапасын жақсартып, қолайлы жағдай жасауға бағытталған жобалардың жүзеге асу барысымен танысуды Шахтинск қаласынан бастады. Тақырыпты тілші тарқатсын.