Бұқар жырау ауданында 93 жастағы тыл ардагері темір тұлпар тізгіндеп көпті таңқалдырып жүр. Мереке Сыздықовтың көзі жақсы көреді. Ауыл ішін бес саусақтай білгендіктен, жолдағы шұрық тесікті алыстан аңғарады.Еңбек адамы саналы ғұмырын ауылшаруашылық саласын дамытуға арнаған. Қырағы қариямен сол өңірдегі тілшіміз Гүлбақша Ақажанова тілдесіп қайтты.