Қарағанды облысында биылғы жазғы демалыс маусымында 180 мыңға жуық оқушы түрлі форматтағы тынығу шараларымен қамтылады. Балалар қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалады. Сонымен қатар, өңірде лингвистикалық және шығармашылық үйірмелер, спорттық жарыстар мен этнолагерьлер ұйымдастырылады.