Қарағандыда халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай салтанатты жиын өтті. Адалдық пен ашықтық қағидатын ұстап жүрген қызметкерлер құрметке бөленді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен шараға біздің түсіру тобымыз да қатысып қайтты.