Қарағанды облыстық Мемлекеттік архивінде белгілі қазақстандық журналист, «Индустриальная Қараганда» газетінің ұзақ жыл бас редакторы болған Сұлтан Кемелбаевтың жеке архивтік қорының таныстырылымы өтті. Қорда оның өмір жолы мен отандық журналистиканы дамытуға қосқан үлесін көрсететін түпнұсқа құжаттар сақталған.