Қарағандыда педагогтардың білімі мен тәжірибесі таразыға салынды.Облыс орталығында өткен "Жыл мұғалімі-2025" атты байқаудың ақтық кезеңі мәресіне жетті. Бәсі биік бәсеке әр қатысушыға өз шеберліктерін көрсетіп, бірегей таланттарын ашуға мүмкіндік берді.