Қарағанды оқушылары «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының облыстық кезеңіне қызу дайындық үстінде. Желтоқсанның 20-сы – шешуші күн. Дәл осы күні 1 миллион теңгенің иесі анықталып, үздік оқушы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің грантына ие болмақ. Биылғы додаға облыс бойынша 425 мектептен оқушылар қатысуға ниет білдірген. Үміткерлер қатарында 60-тан астам өзге этнос өкілдері бар.