Қарағанды облысы әкімдігінде Байланыс қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл кәсіби мереке – телекоммуникация, цифрлық платформалар мен ақпараттық сервистердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп жүрген мамандарға деген құрметтің жарқын көрінісі. Шарада сала қызметкерлерінің заманауи қоғамдағы маңызы мен олардың еңбегінің өзектілігі ерекше атап өтілді.