Қазақстанда отандық авторлардың ең танымал 100 туындысын анықтауға бағытталған жалпыұлттық сауалнама өтуде. Бұл бастама — ұлттық әдебиетті кеңінен насихаттап, оқуға деген қызығушылықты арттыруға және баспа ісінің дамуына серпін беруді көздейді. Ауқымды жоба Ұлттық құрылтайдың бастамасымен жүзеге асырылып отыр.