Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары қаладағы жолдардың сапасына бақылауда. Бұл жолы халық қалаулылары кепілдік қызмет көрсету мерзімінде тұрған Әлихан Бөкейхан ауданындағы автожолдарға рейд ұйымдастырды. Олар барлығы 4 көшені аралап, жолдардың қазіргі жай-күйімен танысты.