Қостанай облысында жекпе-жектен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Додада елдің әр өңірінен келген жас спортшылар өзара мықтыны анықтады. Жарыста Қарағанды облысының намысын қорғаған Иса Сағатов 77 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, 66 келіде сынға түскен Асылжан Яхияұлы жүлделі үшінші орынды иеленді.