Ер есімі-ел есінде мәңгілік сақталады.Жаңаарқа ауданында "Ерлікке тағзым- Болашаққа аманат" атты Далбай Ізтілеуовтың мұраларына арналған аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті.Алқалы жиында майдангер ұстаздың ерен ерлігі мен еселі еңбегі жұрт жадында жаңғырды.Тарихшы- өлкетанушының ұлт руханиятына сіңірген сүбелі үлесін ғалымдар мен зиялы қауым сананың сүзгісіне салып саралады.Алқалы жиынға менде барып қайтқан едім. Алдағы бейнематериалдан бірге қарайық.