Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Сүйіндік Жанысбайдың «Алтын Тостақ» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Көпшілікке рухани қуаныш сыйлаған бұл шарада қаламгердің әдебиеттегі өзіндік қолтаңбасы мен кітаптың құрылымы туралы айтылды.