Кәсіпкер Сергей Камаевтің қатысуымен болған жаппай жол көлік оқиғасына қатысты резонансты сот процесі басталды. Апат салдарынан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жүргізушісі қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Тергей жұмыстары төрт айға созылды. Осы уақыт ішінде кәсіпкер қамауда болды.