Қарағандыда «1С бағдарламашы» мамандығын оқыту курстарына мүгедектігі бар адамдарды және оларға күтім жасайтындарды қабылдау жүріп жатыр. Өтінімдер 7 мамырға дейін қабылданады. Жоба Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырысы бойынша іске асырылуда.