Облыс орталығындағы мәдениет және демалыс саябағы аумағында салынып жатқан элиталық тұрғын үй кешенінің төңірегінде дау басылар емес. 15 жылдан астам жабылып, тоқтап тұрған бұрынғы «Қиял әлемі-Мир фантазий» ойын-сауық орталығының орнында жаңа бизнес-класс ғимараттары пайда болады. Күні кеше облыстық және қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары қоршалған құрылыс алаңында болып, жағдайды бақылады. Олар құрылыс салушымен кездесіп, елдің шағымын жеткізіп, талап-ұсыныстарын ортаға салды.