Қарағанды облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы жылыту маусымының аяқталу кестесін жариялады. Ең бірінші болып жылу Балқаш қаласында тоқтатылды. Қалған қала және аудандарда жылыту жүйесін ажырату сәуір айының соңына дейін жалғасады.Бұл шешім тұрақты жылы ауа райының орнауына байланысты қабылданады.