Арқа жұртшылығы үшін ерекше мәдени оқиға. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Қарағанды қаласына гастрольдік сапармен келді. Бұл орайда Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев театр ұжымымен кездесті. Кездесу барысында тараптар ұлттық өнердің дамуы мен театр мәдениетін өркендетудің өзекті мәселелерін талқылады.