Жыл сайын Қазақстандағы жасөспірімдердің 17,5 пайызы буллинг құрбанына айналады. Басым көпшілігі әлеуметтік желіде орын алатын кибербуллингтен зардап шегеді. Бұл туралы Қарағандыда жастар арасында өткен «Болашақ менен басталады» атты кездесуде мәлім болды. Іс-шара Жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылды. Семинарға біздің түсірілім тобымыз да барып қайтты.