Қарағанды облысында арақтан түбегейлі бас тартқан ауылдар саны артты.Бүгінде 63 елді мекенде ащы су сатылмайды.Тіпті той -томалақтарда арақ шарапсыз өтеді екен.Осыған орай қылмыс та күрт азайып,кейбірінде тіпті бірнеше жыл бойы учаскелік инспекторға арыз шағыммен адам келмеген.Арақтан бас тартқан ауылдар жайлы әріптесім Жанбота Бейсенбайұлынан естіп білейік.