2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы
Қарағанды да колледждер базасында екі заманауи құзыреттілік орталығы және озық жабдықтармен қамтамасыз етілген 10 шеберхана ашылады. Ал Балқашта Су шаруашылығы және туризм бойынша шеберханалар мен зертханалар пайда болады.Бұл шаралар өскелең ұрпақ арасында жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге бағытталған. Облыста жұмысшы мамандықтар жылы аясында барлығы 100-ден астам іс-шара жоспарланған.