ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге білім беру және денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша кеңес өткізілді. Онда балаларды дамыту мен тәрбиелеуге көмектесетін SabiDamu платформасы ұсынылды.