Қарағанды облысына ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен келді. Ол "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" бағдарламасын, "Ауыл аманаты" жобасын іске асыру барысымен және спорт саласының даму қарқынымен танысты. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге бірнеше нысанды аралады.