Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында Сапалы білім беру мәселесіне ерекше назар аударды. Педагогтердің материалдық уәждемесі мен кәсіби біліктілігін арттыру, дарынды балаларды қолдау, жаңа мектептер салу және отандық ғылымды дамыту – өркендеп келе жатқан мемлекеттің негізгі факторларының бірі. Өңір оқытушылары да Мемлекет басшысының пікірімен келіседі.