Жезқазған қаласына қарасты Қабанбай батыр шағын ауданындағы баспаналардың 90 пайызы газға қосылды. Қалған отбасыларға ай соңына дейін компания есебінен көгілдір отын беретін қондырғылар тартылатын болады. Күн суымай тұрып, елді мекенді газдандыру шаралары аяқталуы тиіс. Себебі, биыл аудан қазандықтан ажыратылып, толық газбен жылытылмақшы. Өңірдегі тілшіміз тарқансын.