Қарағанды облысының тұрғындарына өзендердегі су деңгейінің көтерілуі туралы ескертілді. Ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес, бүгінде облыс аумағының 80 пайызы әлі қар құрсауында. Жедел өткен ресми жиында су тасқынына қарсы қандай шаралар қолға алынып жатқаны талқыланды. Тақырыпты тілші тарқатсын.