Бір жыл ішінде облыста 400-ден астам адам өкпе обырына шалдыққан. Науқастардың көбі ауруын асқындырып яғни, 3-4 сатыда дәрігерге қаралғандар. Сондай-ақ, жыныс және ұйқы бездері, асқазан сүт бездері ауруына шалдығушылар саны артқан. Бұл жайында қаламыздағы №3-ші көпбейінді ауруханада өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Тілшіміз Сейітқали Әшім тарқатады.