Далада қараша айы қаһарына мініп жатса, Жезқазғанда оннан астам көше тұрғындары суық үйде тұруға мәжбүр. Кей пәтерлерде термометр тілшесі 16 градусқа да жетпейді. Мәселе көп жылдан бері өзекті. Алайда биылғы жылу маусымы мысты шаһар үшін ерекше «суық» басталды. Тонған халықтың шағымданып қақпаған есігі қалмапты. Әзірге еш нәтижесіз. Өңірдегі тілшіміз Айзада Оразханқызы наразы тұрғындардың үйінде болып, мәселені көзбен көрді.