Енді ұлытаулықтарға елордаға да қатынау жеңілдеді. Өткен сенбіде облыс орталығына Астана-Жезқазған бағытындағы Тальго пойызы алғашқы жолаушыларын жеткізді. Естеріңізге салсақ, осы айдың басында Алматыға қатынайтын жүрдек пойыз рельске шығарылған еді. Қазір ол күнара жолаушы тасымалдауда. Астана-Жезқазған пойызының жүру кестесі мен билет бағасы жайлы әріптесім Айзада Оразханқызы айтып берсін.