Аймақ басты арнасында жаңа маусым басталды
Жаңа маусым - жаңа мүмкіндік пен жаңа жобалар кезеңі. «SARYARQA» телеарнасы 2026-2027 жылдарға арналған телемаусымын таныстырды. Жаңарған студия, эфирдің жаңа безендірілуі мен тың жобалар телеарна мазмұндық әрі визуалды тұрғыда жаңарды. Телеарнаның жаңа маусымының тұсаукесеріне Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы басқарма төрағасының орынбасары, телевизия ардагерлері, журналистер мен телеарна серіктестері қатысты.