Жастарға алғыс - еңбегіне құрмет
Бұқар жырау ауданында «Жасыл ел» маусымы қорытындыланды. Жаз бойы екі жүзге жуық жастар елді мекендерді көркейтуге атсалысып, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына өз үлесін қосты. Үш ай еңбектің нәтижесі Ботақарада өткен салтанатты шарамен түйінделді.