Кадр даярлаудың жаңа тәсілдері
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Жиында жұмысшы мамандықтар бойынша кадр даярлаудың жаңа тәсілдері қаралды. Оқу бағдарламаларын өндірістің нақты талаптарына сәйкестендіру және практикалық дағдыларды жетілдіру мәселелері талқыланды. Білікті кадр даярлау экономиканың тұрақты дамуы мен өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған.