Жаңа «Тілтаным» зертханасы ашылды
Тіл – ұлттың рухани өзегі, тарихы мен болмысын ұрпақтан ұрпаққа жалғаған асыл мұра. Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұлт – руханиятын ұлықтаған мерекелік шара өтті. Оның аясында «Тілтаным» зертханасының салтанатты ашылуы ұйымдастырылды.