Украинаның Одесса қаласында өткен каратэ-киокушинкайдан әлем чемпионатында алтын медальге қол жеткізгендердің бірі -Теміртаулық Никита Гарас. Жерлесіміз ересектер арасында 80 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түсіп, қарсыластарын қапы қалдырды. Ол 2015 жылы жастар арасында Әлем және Европа чемпионы атанған. Ал, бүгінде 20 жасар каратэші ересектер арасында тамаша жеңіскке жетіп, Азия чемпионы атанып отыр.
Никита ГАРАС әлем чемпионы
Аударма: Біз жаттықтырушымызбен тыңғылықты дайындалдық. Әр шығамын ау деген қарсыласымның айла, тактикаларын қарап, байқап, талқыға салдық. Мысалы, жапондықтардың физикалық қарым-қабілетін байқап, жұмыс жасадық. Ал, ресейлердің техникасын жіті қарадық. Осылайша, үлкен дайындық жүргіздік. Бұл – жеңіс маған оңай келген жоқ.
Никита Гарас – Теміртау қаласындағы олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушісі. Ол – каратэге 7 жасынан бастап қатысады.Жаттықтырушылары жас спортшының болашағынан зор үміт күтетін айтады.
Қайрат АБДУЛЛАЕВ Теміртау олимпиадалық резервтер мектебінің директоры
Бізде жаттығатын жасөспірімдер өте көп. Олар, әсіресе, Никитаға қарап бой түзеді. Сол сияқты әлем чемпионы атанып, үлкен жетістікке жетуді көздейді.
Кездесудің соңында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухоруковаға және Теміртау қалалсындағы аталмыш мектеп директоры Қайрат Абдуллаевқа Минстрлік тарапынан Алғыс хат табысталды. Айта кету керек, соңғы жылдары елімізде киокушинкай каратэ жақсы дамып келеді. Ал, ағымдағы жылдың жаз айында Астана қаласында ересектер арасында Азия чемпионаты өтетін болады.
Айдана ДАСТАН