Республикалық «Адалдық сағаты » акциясы мамыр айынан басталған еді. Алайда, елдегі карантинге байланысты, ол уақытша тоқтатылған болатын. Шілде айынан бастап қайта жалғасын табуда. |Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі ұйымдастырған «Адалдық сағаты» осы жолы ойшыл, ғұлама Әл Фарабидің 1150 жылдығына арналды. «Әл Фараби және қайырымды қоғам » онлайн акциясына республикканың барлық аймақтарынан жастар бір уақытта қосылды.Шара барысында ұлы тұлғаның өмірімен шығармаларына талдау жасалып, бейне-дәрістер оқылды.
«Адалдық сағаты» жалпы республикалық акциясы тұрақты түрде өткізіліп келеді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылған акция, жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттауға мол мүмкіндік береді. Мысалы ұлы тұлғаға арналған « Әл Фараби және қайырымды қоғам» акциясында ойшыл ғұламаның «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегіне талдау жасалды.
Әл-Фараби еңбектерінің барлығы «Тәрбие мен білімге негізделген.»Ұлы ойшыл:«Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» екенін жазып кеткен.Акция ұйымдастырушылары ғалымның шығармаларындағы парасаттылықты жастарға түсінікті болу үшін, еркін форматта екі тілде өткізді.
Осы уақытқа дейін өткізілген онлайн форматтағы акция 30 мыңнан астам адамды қамтыған.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі онлайн түрде өтізізілген «Адалдық сағатының» оң нәтижесін ескеріп, алдағы уақытта мұны ай сайын өткізуді ұйғарып отыр.
Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ
Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар