Ауылдық жердегі тұрғындардың басты табыс көзі мал өнімі болғандықтан, оларға жақсы күтім де керек. Мұсабаевтар отбасы ірі қараны бордақылаумен екі жыл көлемінде айналысып келеді. Жиырма шақты сиырға дәрі – дәрмек керек болған жағдайда 300 шақырымды артқа тастап, қалаға баруға тура келеді – дейді отағасы.
Серік МҰСАБАЕВ, тұрғын:
-Бұрын балам қаладан әкелетін дәрі-дәрмекті. Аздаған кәсіппен шұғылданады. Мал бордақылау жұмысымен. Қазір үйдің жанынан алады да еккізеді малдарды. Сол қолайлы. Іргеден аламыз барлық дәрі-дәрмекті.
Ветеринарлық дәріхананың ашылғанына мал дәрігері де дән риза. Себебі, тез тарайтын жұқпалы індетке қарсы екпені бұрын тек қаладан алатын. Оған көп уақыт кететін еді.
Кенжеғари ӨМІРСЕРІК, мал дәрігері:
-Дәріхананың ашылуы бізге қолайлы болып тұр. Бұрын қаладан алатынбыз барлықтарын. Жетпейді... Бұрын қаланың өзіне барып, ол жақтан алып келгенше бәленбай уақыт кетеді. Оның үстіне қаражаттары кетеді. Қазір ауылда қасында.
Аталған Ветереинарлық дәріхананы жеке кәсіпкер өз қаражатына ашқан. Мұнда мал дәрісінің 100-ден аса түрі бар. Сонымен қатар, жоқ дәрілерге тұрғындар тапсырыс беру арқылы қаладан алғыза алады.
Айман САҒАТАЙ
Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар