Жиынға жиналған парламент мүшелерінен өзге, Экология министрінің өзі де өзекті мәселені шешуге арнайы ат басын тірепті. Министрдің айтуынша, Теміртау қаласының эколгиясына «Арселор Миттал Теміртаудың» 83 пайыз қалдығы әсер ететін көрінеді. 2016 жылдан бері қалдықтардың көп бөлініп, экологияға келтірілген залалдары үшін, өндіріс орыны 4 млрд теңге көлемінде айыппұлды төлеген. Алайда, экология министрін алаңдатқан өзекті мәселе, «Арселор Миттал Теміртаудың» бас директоры Парамжит Калонды мазаламағанға ұқсайды. Өйткені ол экология мәселесін талқылау жиынына шақыртылған, бірақ төбе көрсетпеді.

Елбасы 2018 жылы Қазақстандағы, оның ішінде Теміртау қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға тапсырма берген болатын. Тіпті арнайы кеңес мүшелері де құрылды. Аталмыш сала мамандарының пайымдауынша, Теміртау қаласының экологиялық жағдайы жақсармай тұр.

Дмитрий КАЛМЫКОВ, эколог:

-Экологтар үшін қорытындылар күдік тудырады. Осы ретте біз өзге елдердегі «Арселор» зауыттарына барып, тазарту құрылғыларының бірдей екеніне көзіміз жетті. Алайда, ол жақтарда қар ақ түсті. Ал, бізде неліктен қар қара түске айналатыны түсінксіз.

Ал, Экология министирі бүгінгі қол қойылатын мемарандумның арқасында қала маңына 500 мың тал отырғызып, қалдықтың мөлшерін 30 пайызға азайтады дегенге сенімді. Алайда, 2024 жылға дейін негізгі талаптар орындалмаса, кәсіпорын қатаң жазаланатынын да ескертті.

Мағзұм МІРЗАҒАЛИЕВ,  ҚР экология министрі:

- Біз мемарандуммен ғана шектелмей, оған 30 пайыз  деген жобалық шара жасадық. Оған да келістік. Сондықтан, бұл мекеме жыл сайын алынатын рұқсаттамаға кіргізілетін болады. Сондықтан да біз оны қатаң бақылауда ұстайтын болады.

Қыс күндері қаладағы қардың қара болып кететінін облыс басшылары да аңғарған. Тіпті жыл сайын шығарылатын қалдықтандардың санын тізбектеп берді.

Серік ШАЙДАРОВ,  облыс әкімінің орынбасары:

-Облыста жыл сайын ауаға 590 тоннаға тарта зиянды шығарылымдар таралады. Жалпы өңірімізде экологиялық ахуалды жақсартуға үлкен көңіл бөілініп, тиісті шаралар қабылдануда. Тек соңғы үш жфлда облыс бойынша бұл мақсатта барлық шығыс көздерінен 51 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Мәселенің барын мойындаған «Арселор Миттал Теміртаудың» директоры бүгінгі түйіткілдер біртіндеп шешіліп жатыр деді.  Өндіріс орыны мен экология министрінің арасында қол қойылған мемарандум алда Теміртау қаласының қордаланған тазалық мәселесін шешуге негіз боларлықтай.. Дегенмен, министр мұнымен шектеліп қалмай, заманауи техника құрылғыларын енгізу керек деген ұсыныс айтты.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар