Биылғы жылдың соңына дейін темір жол арқылы жүк тасымалдау құны қымбаттамайды. Ал, келер жылғы тариф қалай болатыны әзірге белгісіз. Белгілісі, аймақтарға көмір жеткізуде вагон тапшылығы жоқ. Айта кету керек, ағымдағы жылы Қарағанды филиалында  көмір тиеу көлемі 22 млннан астам тоннаны құраған. Ал 3517 вагон, бұл 217 мыңнан астам тонна ұн жөнелтілген. Жүкті мерзімінде жеткізу ерекше назарда дейді, мамандар.

Марат ЫБЫРАЕВ, «ҚТЖ» Қарағанды бөлімі филиалының директоры:

- Қарағанды бөлімшесі бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап 22 млн. 261, 2 мыңды құрайды. Оның 14 млн.776 мың тоннасы еліміздің  стансаларына  түсірілді. Ал 7 млннан астамы  экспортқа жіберілді.

Бұдан бөлек қазір темір жол бойында қауіпсіздік қызметі де күшейтіліп жатқаны мәлім болды. Мысалы ауылды жерлер маңында шаруалардың малын темір жолда қағу жағдайлары көбейген. Қазір шойын жол бойында арнайы қоршауды ұзарту мәселесі де қаралып жатқан көрінеді.

Марат ЫБЫРАЕВ, «ҚТЖ» Қарағанды бөлімі филиалының директоры:

-Малды басып кету проблемасы бар.  Біз өз тарапымыздан алдын алу шараларын қолға алдық. Дегенмен тұрғындардың өздері де темір жолдың маңайына малдарын жібермеуі керек. Әсіресе Жарық пен Қызылжар полигонының арасында осындай жағдай жиі орын алады.

Мұнан өзге ішкі қауіпсіздік те күшейтілген. Мысалы жүк тасымалдауда кейбір станциялар маңында ұрлық жасайтындардың жолы кесілген.  Соңғы 9 айда  онға жуық темір жол қызметкері вагондағы жүкті ұрлауға көмек көрсеткені үшін жұмысынан қуылыпты.  

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар