Мемлекеттік тілді дамытуды насихаттауға бағытталған игілікті шара облысымыздың үш өңірінде өтті. Тіл жанашырлары Саран қаласы, Абай, Осакаров аудандарының тұрғындарымен кездесіп мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, латын қарпіне көшу мәселелері төңірегінде өз ойларымен бөлісті.

Ербол ТІЛЕШОВ, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры:

-Айта кету керек бұл семинарлар көпшіліктің қызығушылығын тудыруда. Көптеген сұрақтар болады. Соған біздің мамандар, әріптестер жауап береді.

Сонымен қатар,  Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы, нағыз рухани жаңғырған ел боламыз десек, алдымен мемлекеттік тіліміздің қоғамның талабына сай қолдану аясын кеңейтіп, мәдени қазынамызға айналуына тырысуымыз қажеттігі кеңінен айтылды.

Ербол ТІЛЕШОВ, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры:

- Былтырдан бастап елмізде жаңа әліпбиге көшу жұмысы басталды. Осы семинарда латынға көшуге байланысты мәселелер түсіндірілді.

Брифинг барысында бүгінде бір шаңырақ астында тұрып жатқан өзге этностарды айтпағанда, үш миллион қазақтың өз тілінде сөйлемейтіні сөз болды. Дегенмен тіл жанашырлары жас ұрпақтың бойында ұлттық рух қалыптасып келе жатқаны қуантады, дейді.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар