Руслан НҰРЛАНҰЛЫ, тілші
Бұл қорым біздің заманымызға дейінгі 13-9-шы ғасырлардағы Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жатады. Беғазы кешенінде 50-ге жуық тас зираттар бар. Академик Әлкей Марғұлан тек соның 20-дан астамын ғана зерттеп үлгерген. Ашық аспан астындағы мұражай ежелгі өркениет сырын әлі күнге бүгіп жатыр.
Қорымдағы дөңгелек қоршаулар орта қола дәуіріндегі андрондық мәдениетке жатады. Ал көлемді кесенелер кейінгі қола дәуірі, яғни тасмола кезеңіне ТИЕСІЛІ. Ескерткіштердің кейінгісі ХІХ ғасырдағы қазақы бейіттер. 1947-1952 жылдар аралығында мұнда Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеу жүргізіп, айдай әлемге ежелгі өркениет Беғазы-Дәндібай мәдениеті мәлім болды. Кейін қорым мемлекеттік қорғауға алынып, қалпына келтіру жұмыстары жасалды.
Түлкібай ТӨЛЕУОВ, «Тарихи мәдени мұраны сақтау орталығының»директоры
-2004 жылдан бастап мұнда қалпына келтіру жұмыстары жалғасты. Он шақты жыл көптеген жұмыстар атқарылды. Маңайындағы тастар тазартылды, ескерткіштер дұрысталды. Қасиетті Қазақстан, Сокральды Қазақстан картасына еңген құнды ескерткіш.
Ақтоғай ауданының аумағында 400-ге жуық тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Дегенмен нақ осы Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы білуге әлем ғалымдарының, шетелдік туристердің қызығушылығы зор. СОЛ кезеңдегі ру-тайпалардың қоғамдық құрылымы, өркениеттік деңгейі, наным-сенімдері мен діни көзқарастары, көне архитектура мен құрылыс салу техникасы жайлы кешенді зерттеулерді қажет етеді.
Тәбәрәк ЖАРМАҒАНБЕТОВ, Ақтоғай аудандық археология-этнографиялық мұражайының директоры
-Әлемге танымал болғандықтан мұнда келушілер өте көп. Әсіресе шетелдік туристердің көптеп келуі бізді қатты қуантады. Биылғы Елбасының бастамасымен өткізілген ЕХРО өте қолайлы жағдай тудырып отыр. Мынау Голландиядан, Германиядан, Моңғолия мен қытайдан келген туристер осыны көріп, қызықтап қайтты.
Бүгінде Мысырдағы пирамидалардың тастары қалай тасымалданғаны жөніндегі сан алуан пікір Беғазы қорымына қатысты да жиі айтылып жүр. Биіктігі үш метрге жуықтайтын, салмағы 2,5 тонналық алып тастарды ежелгі адамдар шын мәнінде немен жеткізді?
Түлкібай ТӨЛЕУОВ, облыстық «Тарихи мәдени мұраны сақтау орталығы» ММ директоры
-Бұл енді жақпар тастар алынатын жерлердің жақындығы шығар.Көбіне сол көмектескен болуы керек. Арба болуы мүмкін, болмаса ағаштың үстімен дөңгелетіп әкелуі мүмкін, жай өзін дөңгелетіп әкелуі мүмкін. Енді ол туралы нұсқалар көп.
Беғазы қорымынан табылған қыш ыдыстар, темірден жасалған бұйымдар, жебе мен найзаның ұштары, металл мен сүйектен жасалған әшекейлер тағы да басқа құнды жәдігерлер аудандық, қалалық, обылстық мұражайларға қойылған. Ал қорымның өзі қазір ЮНЕСКО аясындағы бүкіләлемдік мәдени мұра үміткерлері тізіміне ұсынылған.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ