Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2025–2026 оқу жылына құжат қабылдау жалғасып жатыр. Ережелерге өзгерістер мен жаңа бағдарламалар жайлы Қарағанды облысы бойынша Академия филиалының директоры Серікжан Байбосынов Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте айтып берді.