Қазақстанның ішкі жалпы өнімі (ЖІӨ) төрт айда 6 пайызға өсті. Өсім көлік, сауда, ауыл шаруашылығы мен байланыс салаларында тіркелді. Ең жоғары өсім қарқыны бойынша Түркістан, Жамбыл және Абай облыстары көш бастап тұр. Өнеркәсіп саласында өндіріс индексі 6,4 пайызға жетті. Кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, соның ішінде азық-түлік, темекі өнімдері, химиялық заттар және машина жасау бойынша өсім байқалды. Ел экономикасының дамуы үкімет бақылауында және Президент тапсырмаларына сай жалғасуда.