Әдетте мұндай тағамды мейрамханаларда бас аспазшылар дайындайды. Алайда Шыңғыс Мұқашев бұл астың басты құпиясын қайта оқыту курсы арқылы білген. Бұған дейін жас жігіт наубайханада жұмыс істепті. Сол кезден бастап оның асханаға дейін қызығушылығы пайда болған.

Шыңғыс Мұқашев

- Мұнда біз тәттілердің түр-түрін жасап,  салат, соустар әзірлеуді үйрендім. Болашақта үлкен мейрамханаларда жұмыс істегім келеді.

1 шілдеден бастап 400-ден жоғары жұмыссыз азаматтар курстан өтуде.  Қуантарлығы, тегін оқып қана қоймай, стипендия да береді.  Есепші, бағдарламашы, шаштараз, күтуші, даяшы сияқты  13 мамандық бойынша сабақ жүргізіледі.  Барлығы да сұранысқа ие мамандықтар.

Нүркен БАЯНОВ Оқыту орталығы жетекшісінің орынбасары

-  Кейін біз тұрақты жұмысқа орналасуға көмектесеміз. Кәсіпорындар жұмыс іздеушілермен алдын ала кездесіп, сөйлеседі. Сондықтан оқыту кезінде олар сертификат алып, жұмысқа орналаса алатындарын жақсы түсінеді.

Ал газбен дәнекерлеушілер міне, мұндай арнайы  кабиналарда оқытылады. Оқыту орталығынан соң студенттер зауыт, құрылыс орындары, өндірістік кәсіпорындарға  барып жұмыс істей алады.  Александр Хан  тегін берілген мүмкіндікті қалт жібермей  оқып жатқан жастың бірі.

Александр ХАН

- Мен суық металлдарды өңдейтін жонушы мамандығы бойынша училищеде оқыдым. Қазір мамандығымды ауыстыру үшін оқуға келдім. Газбен дәнекерлеуші мамандығының еңбек нарығында  болашағы зор деп есептеймін.

Қайта оқытудан өту үшін жұмыссыздар тізімінде тұру қажет. Мүмкіндігі шектеулі жандар да  біліктіліктерін арттыра алады. Курс соңында  сертификаттар мен арнайы куәлік тапсырылады. 

Райхан САЙРАНБЕК