Қарағандыда өмірін театр өнеріне арнаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерғали Жүніспеков 90 жасқа толды. Ол 65 жылдан астам сахнада қызмет етіп келеді. Мерейтой иесін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев құттықтады. Облыс басшысы актердің мәдениет саласына қосқан үлесі мен оның шығармашылық жолы жас буынға үлгі екен атап өтті.