Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу-қазіргі қоғам үшін аса маңызды бағыттың бірі. Дінтанушы теологтар мен осы салада қызмет атқаратын мамандар біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта исламтанушы, Мақсұт Нәрікбаев атындағы университеті «Ислам және қазақ құқығы орталығының» директоры, теолог Асқар Сабдин Қарағанды өңірінде кездесу өткізді.